Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі өнерсүйер көрерменге естен кетпес әсерлі кеш сыйлады. «Soundtrack» деген атауының өзі айтып тұрғандай, концерт барысында әлемге әйгілі кинотуындылардың әуендері орындалды. Атап айтсақ, «Миссия невыполнима», «Гладиатор», «Список Шиндлера», «Дама в лиловом», «Skyfall», «Один дома», «Мстители» және т.б.танымал кинофильмдердің, кеңестік дәуірдегі көркем фильмдердің және анимациялық фильмдердің музыкалық шығармалары ұлт аспаптарының орындауында жаңа нақышқа ие болып, көрермендерге ұсынылды. Жоғары деңгейде өткен музыка мерекесінде оркестрдің көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов дирижерлық етті.
