Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі Текелі қаласының мәдениет үйінде «Soundtrack» концертін жергілікті көрермендерге ұсынды. Концерт бағадарламасы әлемге әйгілі кинотуындылардың әуендерінен құрылған. Атап айтсақ, «Миссия невыполнима», «Гладиатор», «Список Шиндлера», «Дама в лиловом», «Skyfall», «Один дома», «Мстители» және т.б.танымал кинофильмдердің, кеңестік дәуірдегі көркем фильмдердің және анимациялық фильмдердің музыкалық шығармалары. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов дирижерлық етуімен, әншілердің орындауындағы сол заманғы әндер тыңдаған көрерменнің жүрегіне жетіп, әсерлі музыка кеші болды.
