«Жастар» спорт сарайында облыстың мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Футбол, бильярд, волейбол, үстел теннисі, арқан тартыс, қол күрес сынды спорт түрлерінен өткен жарыста филармония өнерпаздары жақсы нәтиже көрсетті. Футбол және бильярд ойындарынан ұжым командалары жүлделі І орынға қол жеткізді!
