Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 01-20 сәуір аралығында «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға мекеменің кадрлық жүйесін қамтамасыз ету және персоналды басқару саласындағы қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қортындылары бойынша талдамалық анықтама дайындап, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефонға хабарласа аласыз: Қайратұлы Б., тел: 8 702 923 3036.