Жүлделі орын құтты болсын!
Мамыр айының 13-20 күндері Түркістан облысында Оңтүстік өңірінің ән-термелерінен республикалық «Түркістан мақамдары» атты дәстүрлі ән орындаушылары мен термешілер байқауы өтті. Аталмыш байқауға Нұрәли Есхат қатысып, өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жүлде құтты болсын, өнердің биігінен көріне бер, Есхат!
