Басты ерекшелігі - ән өнерінің әлемдік хиттарын ұлттық аспаптардың қоңыр үнімен заманауи форматта тарту ету болған концерттік бағдарламаны фольклорлы-этнографиялық ансамбль ұжымы тағы да көрермендеріне ұсынды. Ансамбльге дирижерлік еткен, концерт барысында орындалған шығармаларды ұлттық аспаптарға лайықтап өңдеген профессор, дирижер Қайырғазы Төлен. Ұлттық аспаптарда орындалған шетелдік шығармалардың үйлесімінен жиналған тыңдармандар ерекше әсер алды.