Филармонияның «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері және Талдықорған қалалық балалар өнер мектебінің директоры Қарақожаева Тұрсынхан Қарақожаеваның «Әуенге толы ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Тұрсынхан Төкенқызының әріптестері мен шәкірттері өнерлерін көрсетіп, талантты тұлғаға сый-сыяпаттарын жасады.
