12 наурыз күні филармонияның қызметкері, көптеген жылдар бойы костюмер болып қызмет істеп жүрген Шүленбаева Нұрсипа әріптесіміз зейнет жасына келді. Осы қуанышты күнге орай филармония директоры С.Жексембаев бастаған әкімшілік қызметкерлері мерейтой иесін құттықтады. Ізгі тілектер айтылып, гүл шоғы және кәсіподақ ұйымы атынан сый-сыяпат табысталды. Өміріңіздегі маңызды және мерейлі күнмен шын жүректен бүкіл әріптестеріңіз құттықтайды! Мықты денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас күш-қуат тілейміз!
