30 желтоқсан күні филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестр ұжымы жаңа жылға арналған «Жаңа жылым - ән-жырым» атты мерекелік концерт өткізді. Облыс әкімінің қолдауымен 2023 жылы құрылып, ашылған ұжым бүгінгі күнде репертуары қалыптасқан, көрермендердің ықыласына бөленіп жүрген ұжым. Көркемдік жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, композитор Әли Демегенұлы Алпысбаев. Дирижеры - Халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов.
Кеш барысында оркестр танымал фильмдерге саунд-тректер мен әлемге әйгілі туындыларды орындады. Ал әншілер оркестрдің сүйемелдеуімен әсем әндерден шашу шашты. Шара соңында облыс әкімі Б.Исабаев ұжым әртістерін сахналық костюмдермен қамтамасызх етуге арналған қаржының сертификатын сыйлады.
