«Жас қала-2026» байқауының жеңімпазы
Филармонияның жеке дауыстағы классик әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Шахзод Сана Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен “JAS GALA 2026” студенттік көктем шығармашылық фестиваліне «Вокал» бағыты бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Марапатың құтты болсын! Өнерің өрге жүзсін, шығармашылығың шыңдалып, табыстарға жете бер!
