15-28 тамыз аралығында филармонияның бір топ әртістері Мысырдың Каир қаласында өткен «Цитадель» халықаралық фестиваліне қатысты. 42-ден астам елдің өнерпаздары жиналған әлемге әйгілі бұл музыка және ән орындау мерекесінде ұжымның білікті аспапшылары, шебер бишілері, күміскөмей әншілері өнер көрсетті. Сөйтіп, өңіріміздің ғана емес, еліміздің өнері мен мәдениетін тағы да бір рет әлемдік деңгейде паш етті.