25- қазан - Республика күні және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай қаламыздың «Жастар» саябағында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Аталмыш салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, Бикен Римова атындағы драма театр ғимаратында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Облыс әкімінің құттықтау сөзімен басталған шара, облысымыздың бірқатар азаматтарын құттықтау рәсімімен жалғасып, филармония әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды. Концерт барысында филармония өнерпаздары ұлттық рухты көтеріп, әр тыңдарманға патриоттық сезім сыйлайтын туындыларды орындады.
