Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі, сазгер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбековтың 70 жыл толуына орай «Жетісуым - мекенім» атты шығармашылық кеші бастау алды. Әншінің алғашқы концерті Жаркент қаласында өте жоғары деңгейде өтті. Концерт барысында филармонияның әншілер, «Жетісу» бишілер ансамблі қатысып, кештің әсерлі өтуіне ат салысты.
